Онлайн топтар

осы сілтеме арқылы онлайн топтар кабинеттеріне өте аласыз.

Қазақстанның анонимді алкоголиктері

Алкогольмен проблеманыз бар ма?
Мүмкін, біз Сізге көмектесе аламыз.
Анонимді алколиктер мыңдаған адамдарға көмектескен. Бізге хабарласыңыз, келіңіз.

БІЗ КІМБІЗ?

Анонимді алкоголиктер

бұл ерлер мен әйелдерді біріктіретін достастық, негізгі мақсатымыз, бір бірімізбен өзіміздің алкогольден айығу жолындағы үміттеріміз, күш- жігерлеріміз, және тәжірибелерімізбен бөлісу.
Бұл Достастықтың мүшесі болудың жалғыз шарты бар — ішуді тастауға деген ұмтылыс.
АА мүшелері ешқандай міндетті төлемдерін жасамайды. Біз, ерікті қайырымдылық үлестері арқылы, өзімізді өзіміз қаржыландырамыз.
АА- ешқандай дінмен, сектамен, саяси бағыттармен, діни сенімдермен, ұйымдармен байланысы жоқ және ешқандай пікірталасқа түспейді. Біздің негізгі мақсатымыз — үнемі сау қалып және басқа да алкоголиктерді дені сау, салауатты өмір қалыптастыруына жәрдем беру.

БІЗ КІМБІЗ
teamwork, businessman, businesswoman

АА ға қалай мүше болуға болады?

Бұл Достастықтың мүшесі болудың жалғыз шарты бар — ішуді тастауға деген ұмтылыс. АА мүшелері ешқандай міндетті төлемдерін жасамайды. Біз ерікті қайырымдылық үлестері арқылы, өзімізді өзіміз қаржыландырамыз.
Біздің көмек тегін, әрбір көмек сұраған адамға қол жетімді.
АА ешқандай дінмен, сектамен, саяси бағыттармен, діни сенімдермен, ұйымдармен байланысы жоқ және ешкіммен пікірталасқа түспейді, сонымен қатар кім кімге болсын қарсы шықпайды.
Біздің негізгі мақсатымыз — үнемі сау қалып, және басқа да алкоголиктерді, дені сау, салауатты өмір қалыптастыруына жәрдем беру. АНОНИМДІ АЛКОГОЛИКТЕР алкоголизмнен көмек! Сауығу.

Алкоголизм дегеніміз не ?

Бұл жөнінде көптеген ой- пікірлер бар.

А. А. мүшелеріне келетін болсақ, олардың көпшілігі алкоголизм – бұл ауру және үнемі дамып отыратын ауру екенін , одан толық емделу мүмкін емес, бірақ басқа да аурулар сияқты, бақылауға қоюға болатынына келіседі. Осыған орай, А. А. көптеген мүшелері бұл ауру алкогольге деген  физикалық сезімталдық пен психикалық тәуелділіктің үйлесімі болып табылатынына  және бұл ауру қандай зардаптарға әкелмесе де, одан бір ғана ерік күшінің көмегімен емдеу мүмкін емес деп есептейді..

Алкоголитк
БК

АА қалай құрылды ?

Қоғам тарихы 1935 жылы, Акрон қаласына (Огайо штаты) өз істері бойынша Нью-Йорктен бір кәсіпкер келген кезде пайда болады.

Ол көп жылдар бойы ішуді тастағысы келді,  ақырында ол Акронда тұрып, жергілікті алкоголиктермен  біреуімен кездесуге шешім қабылдады.  Бұл ниет ол  Акронға келгенге дейін бірнеше ай бұрын ішуді тастап, бұл бизнесмен басқа алкоголиктерге көмектесуі , өзінің  спирттік ішімдікке  аз тартылатынын байқады. Акронда оған  созылмалы(хронический) алкоголизммен ауратын  жергілікті дәрігермен кездесу ұсынылды. Кездесіп болған соң екеуі біріге отырып  басқа алкоголиктерге  көмектесуді бастаған кәсіпкер мен дәрігер олардың басқаларға қаншалықты көп көмектескен сайын , өздерінің соғұрлым  ішкісі келмейтіндеріне көз жеткізді.  Осылайша жаңа қозғалыс  пайда болды.

1939 жылға дейін қозғалыс баяу дамыды және оның атауы да, ұйымдық құрылымы да, өз әдебиеті да болмады.  1935-1939 жылдар аралығында Акрон, Нью-Йорк, Кливленд және басқа да бірқатар қалаларда топтар құрылды.

1939 жылы қоғамға атау берген «Alcoholics Anonymous» кітабының жарыққа шығуы,  сондай-ақ бірқатар алкоголик емес достарының көмегімен А. А.-ға АҚШ-та да, басқа елдерде де назар аудара бастады. Сол  кезде А. А. Нью-Йорктегі өз бюросын ашты, ол жыл сайын А.А. атына келіп түскен әдебиеттерге сұраныстар мен өтініштерді өңдеумен айналысады.

anonimnye-alkogoliki iphone

Қоңырау шалыңыз

+7(707)-208-05-53

жеке тәжірибеден алынған оқиғалар

«АРАҚ БҮКІЛ БӘЛЕНІҢ КӨЗІ»

Арақтың дәмін 28-29 жас аралығында татып көрдім, бірақ мен араққұмар, ішкіш болып кетем деп еш ойлаған емеспін. Араққұмар ішкіштерді жек көретінмін, жиіркенетінмін, оның себебі бар..

Менің есімім Шынар, мен алкоголикпін, жасым 50 де, үш балам бар, әзірге Құдайдың берген сыйы деп білем, тәтті үш немерем бар. Отбасымыз да арақты қуып ішкен ешкім жоқ, мектепте жақсы оқыдым, алғыр, жігерлі, беделді, өз өзіме тұра алатын, қыз болып өстім. Спортты өте жақсы көрдім.

Тұрмысқа шықтым, дұрысын айтқан да, бір екі рет көрген жігіт, алып қашты, жақсы отбасынан екен, бірақ араққа жақын екен. Арақ ішсе, есін білмей қалады, бәрін қиратады, екінші күні кешірім сұрайды. Сол арақтың кесірінен екі рет сотталып шықты. 7 жыл шыдап, арағын қоймаған  соң, ажырасуға, тіпті басқа қалаға үш кішкентай шиеттей балаларымның болашағын ойлап, қашып кеткем. Басымда баспанам жоқ, не ақшам жоқ, жаным да тек жанашыр 70жасқа таянған кемтар анам бар. 1995 жыл, СССР дің құлаған кезі, қиын кез, пәтер жалдап, базарға саудаға шықтым, әрбір тапқан тиынымның қадірін біліп, 5-6 жылдың аралығында 3 бөлмелі пәтер, саудам жайнап, үлкен көтерме сауда орнына айналды. Бәрі жақсы, бір ғана,  ,, қап, әттеген ай, болмаса, мен базарда күн суық деп, не біреудің туылған күні деп, ішкілік ішіп үйрендім. Басында аздап ішсем, кейін кейін үдей бастады, таңертең бас жазбасам, жұмыс істей алмайтын халге жеттім. Нағыз менің балаларым10-14жас аралықтарын да, мен нағыз араққұмар алкоголикке айналдым. Нағыз балаларыма керек кезінде, мен «қу арақтың» шырмауына іліндім, мен бұл басымнан өткен жағдайды мақтанайын деп айтып отырғаным жоқ, өзім осы жағдайдан өтпесем, мен ішкілікке салынып кеткен  адамдар  жөнінде, сол баяғы жек көрген ойым да қалар едім, ал қазір менің өмірлік тәжірибем біреуге болмаса, біреуге көмектесер ме екен деген, оймен жазып отырмын. Менің ойымды, санамды арақ  жайлап кетті, арақсыз тұра алмайтын болдым, 3 ай ішпей, бір жүз грамм аузыма тидіме, тоқтай алматын жағдайға жеттім, басын да 5-6 күн, кейіннен 15күндеп тоқтай алмайтын болдым. Бауырларым, ағайын, туған таң қалды, қалай өзі осы күйеуінің ішкенінен қашып келмеп пе еді, тырнақтап жинағанын, өзі құлатып жатқаны несі, бұған тіл көз тиді, біреу дуа істеткен, емші, балшы бәрін аралатты, пайда болмаған соң, мешітке жүгірдім, психолог, наркология диспансері, кодированиенің түр түрі, білмеймін еш қойғыза алмады. Талай жыладым, менің құлқыным қашан толады деп. Бір күні кіші қызым, университетте оқитын, каникулға келді, намаз оқып жүр екен, менің ішкілікті қоюға ниетім бар екенін көріп, сізге намазға жығылу керек деді, бір ай ораза ұстап, намазға жығылдым,, 5 ай оқып жүргенім де, Жаратқан Тәңірім кешірсін, бөтелкелес болған ескі досым келді бөтелкесімен, жоқ тағы да тұра алмадым, тағы да, 15 күн шөлмектің құрсауын да кеттім, Жыладым, Құдайдан сұрандым, бұлай қор болған ша… деп. Басқа қаладан кәрі әжем, мен туралы естіп, келіп алып кетіп, үйіне апарып ескі емдермен емдеді, тіпті, болмағасын алдыма,, Қасиетті Құран ды, қойды, оқы, деді, ана дүниеде не тосып тұрғанын білесің деп, алғашқы рет көп жылдан бері, сонда 6 ай ішпедім, сайтан алғыр, ой қайтадан сап ете қалды, тағы бір құты пиводан басталған, 8  күндік ішкіліктен кейін, маған қорқыныш ұялады, бар байлығым, бар асылым балаларымның, сенімінен  баяғыда айрылғанмын, ұлым үш жыл болды, сөйлеспегеніне, енді жанашыр екі қызымнан  айрылсам, өмірдің мағынасы неде, деп, бұл қу, сұм арақты жеңе алмайтынымды  мойындап, үлкен қызым мен күйеу бала ма келдім, өз балаң жарайды ғой көріп жүрген, күйеу  баланың алдын да басымды көтере алмай, жер болсам да, жаман атақпен кеткен ше, дейді, не болмаса,, ауыруын жасырған, өлер, демекші, көмек сұрадым. Қазіргі жастар білімді ғой, оның Айналайын балапандарым, қолдарын қусырып отырған жоқ екен, қызым ертеде бір американдық кино көріпті, сонда қатты ішкілікке салынып кеткен адамдар, сол жерде ашылған,, Анонимді алкоголиктер Достастығы тобына барып, сол жерден сауығып кетіп жатқанын көрдім, сұрастырсам осы Нұр-Сұлтан қаласын да да, сол Достастық ашылыпты, барасыз ба деді. Менің өмірім өзі де қыл үстін де тұрған, қайда апарсаң да барамын, тек осы пәлеге деген құмарлықтан арылсам екен дедім.

Сол Анонимді алкоголиктер Достастығының алғашқы есігін ашқан күнім есім де, 21 ші шілде 2018 жыл, міне содан бері 2 жыл уақыт өтті, мен арақ атаулысын аузыма алған емеспін, ойым да, санам да тазарды, білмеймін қандай күштің арқасы, бір түсінгенім өмір бойы іздегенімді осы Анонимді алкоголиктер Достастығынан таптым, өзім көзіммен көріп, құлағыммен естіп, осы жердегі топ мүшелері кезінде өзім сияқты қиналып келіп, қазір саулық мерзімдері  алды 8 жыл, бұл жерде АА Достағының ашылғанына да 8 жыл екен, басқа жұртты  айтпаған да, осы жерге келгелі өмірім  180 градусқа жақсы жағына өзгерді, өмірге деген құштарлығым артты, көзім де бір 15 жыл деп айтсам өтірік айтпаймын, оты жоқ та, от пайда болды, АА Достастығының  Күшінің арқасында  өзіме дегесыйластық, сыйластық пайда болды. Жаратқан Тәңіріме алғысым шексіз, қызым ізденіп, маған көмектесем деген ниетінен айналдым, әйтпеген де менің өмірім не болар еді. Өз басымнан өткен өткен тәжірибеммен бөлісіп, мен сияқты адасып, сұм арақтың шырмауынан шыға алмай жүрген бауырларыма айтқым келеді, «Бұл ауырудан шығу жолы бар» тек телефон арқылы, не болмаса, сайт арқылы хабарласып келуіңізге болады, біздің қазаққа тән  мінез, ұялшақтық, ұялмаңыздар, тағы да айтам,, ауыруын жасырған өледі дейді, сондықтан, хабарласыңыз, келіңіз

Қазір пандемия кезін де карантин де отырсақ та, әртүрлі онлайн топтарға кіруіңізге болады, мен қазір алкоголикпін деп ұялмай айтамын, менің тәжірибеме қарап бір отбасы, не бір адам аман қалса мен үшін бақыт, ААға келіп жан тыныштығын таптым. Бұл жер де бір қызығы ешқандай ақша қажет емес, тек өзіңнің шынайы қойғым келеді деген ниетің, оның үстіне рухани байлыққа ие боласыз. Алла жар болсын!

hands, light, color

видео

аа неден басталады

Қандай проблемалар болмасын, біздің арамызда оларды бастан өткеретін адамдар бар.

Егер сіз өзіңіздің жаныңызды ашық ұстауға тырыссаңыз, сіз мұнда көмек таба аласыз.

Сіз біртіндеп жақсартуға болмайтын қиын жағдай жоқ және оны төмендете алмайтындай бақытсыздық жоқ деген қорытындыға келесіз.

https://www.aa.org/Общество А.А. было образовано в 1935 году, и за эти годы о нем слышали или читали несколько миллионов человек. Одни имеют довольно отчетливое представление о программе А.А., благодаря которой с алкоголем порвало свыше одного миллиона человек.

Контакты

Пролистать наверх